Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Із-түзсіз жоғалып кеткен Қостанай қаласының тұрғыны Никита Миляев табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіт табылды

«Бүгін, 2019 жылғы 15 ақпанда жоғалып кеткен ер адам үйіне келді. Ол осы уақытқа дейін таныстарының үйінде болған», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қостанай қаласының тұрғыны Никита Миляевтің жоғалып кеткені туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратты растады. Ол қаладағы үйінен 9 ақпан күні шығып кетіп, сол күйі хабар болмаған еді. Іздестіру жұмыстарына еріктілер де қосылған болатын.