Қостанайда қалам сауыты үшін сауда орталығынан адамдарды эвакуациялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қостанайдағы «Емшан» сауда үйінен адамдарды эвакуациялады, деп хабарлады alau.kz.
Қостанай облысы ІІД бұл ақпаратты растады. Анықталғандай, ғимараттан қорап табылды. Күдік тудырған сол зат болатын. Бұл туралы бірден полицияға хабарланды. alau.kz тілшілері пікір алу үшін облыстың ІІД баспасөз қызметіне жүгінді.
«5 сәуірде сағат 10.04-те ІІБ Абай көшесі, 34-те «Емшан» сауда үйінің кіреберісінде бөгде зат жатқаны туралы хабарлама түсті. Қорап темекі қорабынан сәл үлкендеу, қара түсті. Орынға дереу жедел топ, мүдделі қызметтер, саперлер жетті. Аудан қоршауға алынды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Жарылғыш зат табылмады, бөгде зат оқу құралы - қаламсауыт болып шықты.