Қостанайда қалың тұман: Ескерту жарияланды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында қалың тұманның түсуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда қалың тұман: Ескерту жарияланды

«Демалыс күндері аяздың және қардың әлсіреуіне себеп болған циклон басылды. Енді 7 ақпан күні Қостанай облысының кей жерлерінде қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Сол себепті дабылды ескерту жарияланды», - деді «Қазгидромет» орталығының облыстық филиалы кезекші инженер-синтоптигі Наталья Терентьева.

Синоптиктер қостанайлық көлік жүргізушілеріне алыс жолға шығарда сақ болуға шақырады.