Қостанайда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмысы қаралады

семинар-кеңес өткізді.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, бұл басқосудың жұмысына ЮНИСЕФ өкілдері, халықаралық сарапшылар, облыстардың балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің директорлары, білім басқармалары бастықтарының орынбасарлары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының (КТБО) директорлары, психологтар мен әлеуметтік педагогтер қатысқан.
Семинарда Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін тиімді ұйымдастыруда ведомствоаралық қызметтерді жетілдіру және қарым-қатынасты нығайту, панасыздық және қараусыздық деңгейін төмендету мәселелері қарастырылды.
Шараға қатысушылар үшін «Өмірде қиын жағдайға душар болған балаларды табысты әлеуметтеу жағдайы ретінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасы», «Өмірде қиын жағдайға душар болған балаларды әлеуметтік бейімдеудің психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында мастер-класстар жүргізілді.
Семинар-кеңестің бағдарламасында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын, Қостанай және Рудный қалаларының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына бару қарастырылған.
Конференция қорытындысы бойынша іс-әрекеттерді жетілдіру және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тиімді қызметін ұйымдастыруда ведомствоаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ұсыныстар қабылданады.