Қостанайда «Кейкі батыр» қойылымының тұсаукесері болады

Қазақ тарихындағы дара тұлғалардың бірі болған Кейкі батырдың рөлін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров және ҚР мәдениет қайраткері Айбол Шәкіржановтар сомдайды.
Қойылымда ҚР мәдениет қайраткері Зәмзәгүл Бегайдарова, ҚР мәдениет қайраткері Қабдол-Мәжит Иманов, Мықтыбай Жылыбаев және басқа да танымал сахна жұлдыздары өнер көрсетеді.
Спектакльдің режиссері, театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР халық әртісі - Ерсайын Төлеубай.
Кейкі батыр туралы: 1916 жылы Торғай қазақтарының көтерілісі тарихта елеулі орын алды. Әліби Жагенлдин, Амангелді Имановтармен бірге тізе қосып ел тәуелсіздігі жолында күрескендердің бірі - Кейкі батыр Көкенбайұлы. Пьесада батырдың қиян-кескі оқиғаларға толы өмір жолы айтылады. Қойылым өз тарихын енді ғана шынайы қалпында танып келе жатқан жас ұрпақ үшін олардың ұлттық, отансүйгіштік сезімін оятуға үлкен әсері бар.