Қостанайда қоғамдық бірлестіктің төрағасы жоғалып кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 33 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жоғалып кеткен Арман Жолдановтың қарындасы Айман Жолданованың айтуынша, ол 1 мамыр күні үйінен шығып, содан бері әлі оралмаған. Оның бойы - 158 см, ернінің үстінде меңі бар, шашы қара түсті. Үйнен шыққан күні қандай киім кигені белгісіз. Үнемі көзілдірік тағып жүреді.
«Ағам 3 мамыр күні кешке жақын әлеуметтік желілерге кірген. Үйде ешқандай ұрыс-керіс болған емес. Тәртіп сақшыларына хабар бердік. Бүгін сағат 10:00-ден бастап оны өзіміз іздеуге кірістік. Кешкі сағат 18:00 шамасында Абай көшесінің бойындағы «2 көтеріліс» аялдамасына жиналамыз. Іздеуге көмектесемін деген жандарға алғысымыз шексіз», - деді А.Жолданова агенттік тілшісіне.
Айта кетейік, Арман Жолданов «Бірлескен ұйымдар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасы қызметін атқарады.