Костанайда қоқыс полигоны өртеніп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Облыстық әкімдіктің мәліметінше, өрттің маңайындағы нысандарға таралу қаупі жоқ, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

полигон
Фото: Дарья Тимина / Kazinform

Қостанайда «Солтүстік» қоқыс полигонында өрт шықты. Өртті сөндіру үшін барлық қажетті қызметтер жұмылдырылған. Атап айтқанда оқиға орнында 2 бульдозер, 3 өрт сөндіру көлігі және 1 жылжымалы сорғы станциясы (ПНС) жұмыс істеп жатыр.

Өрттің аумағы әлі нақтыланып жатыр. Толық сөндірілгеннен кейін одан әрі қандай шаралар қолданылатыны анықталады. Қазір мессенджерлерде костанайлықтар қаланың кейбір ауданындағы түтін иісіне шағымданып жатыр.

Бұған дейін Ақсай қаласында мектеп автобусы өртеніп, жүргізуші жарақат алғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар