Қостанайда компания бастығынан 100 млн теңге бопсалаған күдікті сотталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда қомпанияның банкроттық басқарушысы коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан борышкерлер тізіміне енгізу үшін 100 млн теңге, яғни ірі көлемде ақша бопсалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті күдіктіні ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұстады.
Аталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.