Қостанайда қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген сотталушы қашып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 маусымда ұрлық жасағаны үшін сотталып, жазасын қоныс колониясында өтеп жүрген Нұрсұлтан Сағдатұлы Сариманов түрмеден қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Alau.kz порталына сілтеме жасап.

Қостанайда қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген сотталушы қашып кетті

Бұл жөнінде Қостанай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті мәлімет таратты. Сотталушы 1994 жылы дүниеге келген.

Аталған факт Қостанай қаласы ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 427-бабы бойынша тергеу басталды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері сотталушының жүрген жерін анықтау үшін жедел іздеу шараларын бастады.

Нұрсұлтан Саримановтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-7142- 21-01-06, 8-701-190-72-38, 8-708-257-67-15 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.