Қостанайда қорғаушы сыбайлас жемқорлық туралы атышулы іс бойынша қамауға алынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ерлан Мұхамеджанов УҰИ-ға қамауға алынды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бүгін соттың апеляциялық алқасында Мұхамеджановтың бұдан бұрынғы кепіл түріндегі (500 АЕК немесе 1 млн теңгеден астам) бұлтартпау шарасына наразылық білдірілді.

Мұхамеджанов Қостанай мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметінің офицері Сұңқар Қозбақовтан ірі көлемде пара алғаны туралы атышулы істің фигуранты атанды. Адвокат олар Бауыржан Танкеевтен алған ақшаны беру кезінде делдал болған. Бұл ретте заңгер офицерге 3 млн теңгені беріп, қалғанын өзінде қалдырған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше Танкеев өз-өзіне қол салды. Өлім фактісі бойынша өзін-өзі өлтіруге жеткізу бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Бұл істе басты күдікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері болуы мүмкін. Өлер алдындағы жазбаға Танкеев: тергеушілер оған шындыққа жанаспайтын айғақ беруге мәжбүрлегенін жазып қалдырған.

Соңғы жаңалықтар