Қостанайда көз жұмған ер адам - Жітіқара қаласының тұрғыны

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда көз жұмған ер адам - Жітіқара қаласының тұрғыны. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанайда көз жұмған ер адам - Жітіқара қаласының тұрғыны

Науқас 1945 жылы туған, Жітіқара қаласының тұрғыны. Ол пневмония диагнозымен түсті.


Науқас КВИ үшін ашылған аурухананың инфекциялық бөлімінің қарқынды терапия боксталған палатасында болды. Ол оттегіні өз бетінше алып жатты.
14 сәуір күні таңертең жағдайы күрт нашарлады. Науқаспен реаниматологтар бригадасы жұмыс істеді. Барлық қажетті реанимациялық іс-шаралар өткізілді.
Алайда, таңғы сағат 8.30-да егде адамның жүрегі тоқтады. КВИ аясында ер адамның полисемантикалық пневмониясы өрши түскен.