Қостанайда құқық қорғау қызметтерінің орталығы ашылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жаңа орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.

null 

«Атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету жаңа нысанның басты міндеті саналады. Тұрғындардың құқық қорғау органдары қызметкерлеріне деген сенімі ешқашан төмендемеуі тиіс. Осы бағытта әлі де талай жұмыстар атқарылады», - деді Марат Ахметжанов.

Орталық қаладағы Толстой көшесінің бойында орналасқан. Мұнда азаматтар білікті мамандардан құқық қорғау саласы бойынша кеңес ала алады. Күн сайын екі прокурор кезекшілікте отырады. Олар әлеуметтік-экономикалық, әкімшілік өндіріс салалары бойынша жауап бермек. 

null 

Құқық қорғау қызметтері орталығында мемкірістер департаменті, заң саласы мамандары, қорғаушылар, медиаторлар мен психологтар жұмыс істейді. Арнайы кесте жасалып, тұрғындар тізім бойынша қабылданады.

null 

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа нысанның қала орталығында орналасқанын айтты. Оның сөзінше, бұл тұрғындардың заң саласындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін орын болады. Нысан қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. 

Соңғы жаңалықтар