20:19, 26 Тамыз 2015 | GMT +5
Қостанайда күш құрылым қызметкерлері арасында президенттік көпсайыс өтіп жатыр
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда күш құрылым қызметкерлері арасында президенттік көпсайыс басталды. Ол «Динамо» қазақстандық спорттық қоғамдастығының 90 жылдығы мен ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналды. Оған 300-ге жуық адам қатысып жатыр.

Спартакиадада ҚР ІІМ, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің командалары жарысып жатыр.
«Президенттік көпсайыс - бұл барлық құқық қорғау органдарының спорттық дайындығын көрсету, бастысы олардың кәсіби мүмкіндіктеріне баға беру», - деді Қостанай облыстық ІІД бастығы Тілеген Маткенов.
Үздіктері бұдан да жоғары дәрежедегі сындарға қатысады. Президенттік көпсайыс бағдарламасы жыл сайын спорттың жаңа түрлермен толығатыны аталып өтілді.