Қостанайда құтқарушылар боранда адасып қалған әйелді тапты
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері боранда адасып қалған әйелді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД кезекші бөліміне Федоров ауданында 1979 жылы туған әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Құтқарушылар әйелді шамамен 4 сағат бойы ізделді.
Іздеу-құтқару жұмыстары Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі айналасында жүргізілді.
«1979 жылы туған азаматша боранда адасып қалған. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Іздестіру жұмысына жоғары өтімді трекол маркалы 2 техникасы мен жеке құрамның 6 адамы шықты», - деді Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Игорь Мерц.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі қостанайлықтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ауа райының қолайсыз кезінде елді мекеннен тыс жерлерге шықпауға шақырады.
Өйткені қарапайым абайсыздық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.