Қостанайда күйік шалып, ауруханаға түскен бала көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 29 тамызы күні денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілген 8 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Дәрігерлер Сергей Павловскийді екі ай емдеп, ажалдан арашалап қала алмады.

«Білікті дәрігерлер жұмылдырылды. Бірақ, дене күйігі салдарынан ішкі ағзалары қабілеттен айырылған. Мұны ғылымда декомпенсация деп атайды. Ол бірнеше отаға шыдай алмады. Кеше сағат 19:30 шамасында жүрегі соғуын тоқтатты», - деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігері міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий.

Ал «Бюро добрых дел» қоғамдық қорының жетекшісі Ирина Мельцер Сергей Павловскийді жерлеу рәсіміне қаржы керектігін айтып, жомарт жандардан көмек сұрайды.

«Мен баланың анасы Любовь Павловскаямен хабарластым. Ол қайырымды жандардан материалдық қолдау күтеді. Көмек қолын созамын деушілер біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылып, байланысқа шығуына болады», - деді Ирина Мельцер.

Соңғы жаңалықтар