Қостанайда қызметтік автобус қоршауға соғылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында қызметтік автобус қоршауға соғылып, жол жиегіндегі ағаштарды қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда қызметтік автобус қоршауға соғылды

Жол-көлік оқиғасы бүгін қаладағы 15-дүкен маңында болған. Вадим есімді куәгердің айтуынша, автобус жүргізушісі ұйықтап кеткен болуы мүмкін.

«Бұл автобус Воинов-Интернационалистов көшесімен келе жатты. Сәлден соң жүргізуші көлікті басқара алмай, бөлінген жолаққа шығып кетіп, қоршау мен ағаштарға соғылды. Дереу жедел-жәрдем қызметін шақырдық. Жүргізуші ұйықтап кеткенге ұқсайды», - дейді оқиға куәгері.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінде мәлімдегендей, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Жаяу жүргіншілер зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, қызметтік автобустың қандай мекемеге тиесілі екені анықталуда.

null