03:45, 01 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қостанайда мамонттың 60 келілік азу тісі табылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының көмір алаңынан салмағы 60 келі болатын мамонт тісі табылды, деп жазады kstnews.kz сайты.

Мамонттың азу тісі «Құсмұрын» көмір алаңындағы қазу жұмыстары кезінде экскаваторшылардың көзіне түскен. Көмір разрезінің 28 метріне келгенде оператор экскаватор шөмішіне бөгде нəрсенің іліккенін байқайды.
Ал келесі күні «Қазақ көмір энергетикасы компаниясының» қызметкерлері азу тісті өлкетану мұражайына алып келген.
Техникалық директор Антон Филиппов азу тіс салмағы 60 келі шамасында екенін айтты. Ол осы уақытқа дейін көмір алаңдарынан ежелгі жануарлардың бірнеше қалдықтарын кездестірген.
«Негізі сақталуы жақсы, дегенмен өңдеу керек. Компания мамандары зерттеу жұмысын жүргізуге рұқсат береді деген үміттеміз. Бұл - тістің алдыңғы бөлігі», - деді мұражай қызметкері Андрей Андрющенко.