Қостанайда мас полицей көшедегі көлікті қақты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мас күйінде жол-көлік оқиғасына ұшыраған 26 жастағы қостанайлық полицейдің ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі жергілікті ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда мас полицей көшедегі көлікті қақты

Анықталғандай 4 қаңтар күні түнгі бірлер шамасында ВАЗ-2115 және Lifan автомобильдері арасында жол-көлік оқиғасы орын алған.

«ВАЗ-2115 руліндегі 26 жастағы жүргізуші Гоголь көшесінің бойымен келе жатып, арақашықтықты сақтамай алдында жүріп бара жатқан Lifan көлігіне соғылған. Жүргізілген сараптама қорытындысы көрсеткендей, ВАЗ-2115 жүргізушісінің рульге мас күйінде отырғаны және оның полиция қызметкері екені анықталды»,-деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.