13:11, 29 Маусым 2018 | GMT +5
Қостанайда мас жүргізуші аулада тұрған көліктерді қиратып кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығында көлік жүргізушісі аулада тұрған бірнеше көлікке залал келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанайдағы шағын аудандардың бірінде көлік жүргізушісі аулада тұрған бірнеше техниканы соғып кеткен. Чкалов көшесіндегі жол-көлік оқиғасы туралы тұрғындар әлеуметтік желілерде жазды. Куәгерлерінің айтуынша, көлік жүргізушісі мас күйде болған. Тұрғындар бірден полицияға хабар берді.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған факт бойынша кейінірек ресми мәлімдеме жасауға уәде етті.