Қостанайда мемлекеттік тілдің қоғамдық маңызы мен патриоттық рөлі талқылануда

ҚОСТАНАЙ.   Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ -   Бүгін таңертең  Қостанайда  «Қазақстандық   патриотизм   және қоғамдық    келісім   тұрғысындағы мемлекеттік   тілдің рөлі»   тақырыбында    аймақтық семинар-кеңес   басталды.
None
None

Екі күнге   созылатын  бұл  семинарды   Мәдениет және  ақпарат  министрлігінің  Тіл комитеті Қостанай  облысының    Тілдерді дамыту      басқармасымен  бірлесіп  ұйымдастырып  отыр.   Оған   мәдениет    және ақпарат  вице-министрі Ғазиз Телебаев,     Парламент  Сенаты мен  Мәжілісінің    депутаттары   Хұсайын  Уәлиев  пен  Ольга  Киколенко,    тілдерді  дамыту  жөніндегі  облыстық басқармалардың  басшылары,     көрнекі жарнамалар  агенттіктерінің  жетекшілері,    Қостанай  облысының қала  және  аудан  әкімдерінің  орынбасарлары,      қоғам өкілдері,  тілтанушы ғалымдар  қатысуда.

Семинарға   қатысушылар   жергілікті   мемлекеттік  органдарда мемлекеттік тілде   іс жүргізу мәселелеріне  тұрақты назар аудару  қажеттілігін   атап  көрсетуде.  Мемлекеттік тіл  саясатын  насихаттау  жұмыстарына  қоғамдық бірлестіктерді,    үкіметтік  емес  ұйымдарды   тарту  туралы ұсыныстар  айтылды.

Семинарға  қатысушылар    жұмыс  қорытындысы  бойынша  мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттігін  арттыруға,       толерантты тіл  ортасын    жасауға  сеп  болатын     іс-шараларды  жүйелі  өткізу  жөніндегі жұмыстардың белсенділігін    арттыру  қажеттілігі атап көрсетілетін  ұсыныс-кеңестер    қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар