Қостанайда меморган жәндік улайтын 8 литр қоспаны 2 млрд теңгеге сатып алмақ болған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында зиянды жәндіктерді улауға арналған 8 литр химиялық қоспаны 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алмақ болған мемлекеттік органның әрекетіне шек қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңтар айында Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті талдау жұмысын жүргізген.

Оның нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы комитеттің бірінен инсектицид сатып алу бағасын негізсіз көтеру белгілерін анықтады.

«Атап айтқанда, мемлекеттік орган 2 млрд 127 млн теңгеден астам сомаға 8 литр инсектицид (зиянды жәндіктерді улауға арналған химиялық қоспа – автор.) сатып алуды жоспарлаған. Бұл ретте, лоттың техникалық негіздемесінде инсектицидтер түрлі аумақтарды өңдеу үшін қажет екені жазылған», - деп мәлім етті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Қоса кетсек, бұған дейін жалпы салмағы 160 тонна пиязды Қостанай облысынан Ресейге алып өтпек болғандар анықталғанын жазып едік.


Соңғы жаңалықтар