Қостанайда мердігер қауіпті медициналық қалдықтардың көзін жоймай, қоймаға жинаған

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысының табиғат қорғау прокурорлары қауіпті медициналық қалдықтардың заңсыз қоймасының қызметін тоқтатты.

қоқыс
Фото: Қостанай облысы прокуратурасы

Талдау барысында «А» ЖШС қауіпті медициналық қалдықтарды шығару және кәдеге жарату қызметтерін мемлекеттік сатып алудың 7 рәсімі бойынша жеңімпаз деп танылғаны анықталды.

ЖШС-нің кәдеге жарату қуаты Астана қаласының маңында орналасқандықтан жосықсыз мердігер қоқысты заңда көзделгендей әр 3 күн сайын өзінің кәдеге жарату объектісіне апармай, Қостанай қаласында заңсыз қоймаға жинай берген. 

Қауіпті қалдықтарды қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамай жинады. 

қоқыс
Фото: Қостанай облысы прокуратурасы

Сонымен қатар, кәсіпорын елордаға қауіпті жүк тасымалдау үшін мамандандырылған көлікті емес, мобильді қосымша бойынша жалға алынған кәдімгі жүк көлігін пайдаланған. 

Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 332-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.