Қостанайда облыстық аурухана өртенді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы облыстық ауруханада өрт тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін 10:07-де Қостанай облыстық ауруханасының 8 қабатты ғимаратында өрт тұтанғаны туралы ақпарат келді. Алтыншы қабатта орналасқан нейрохирургия бөлімі меңгерушісінің кабинеті өртенген. Жалын 2 шаршы метрді шарпыған», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Өрт салдарынан 29 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ, ешкім зардап шекпеген.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

