10:39, 30 Қаңтар 2019 | GMT +5
Қостанайда он күн бұрын жоғалған қыз табылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары 20 қаңтар күні жоғалып кеткен Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғынын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полициядан мәлім еткендей, Салтанат Кукенова осы уақытқа дейін таныстарында болған. Қазір оның жағдайы жақсы.
Еске салайық, осы күні қостанайлық полицейлер 20 қаңтар күні із-түзсіз кеткен Елдос Дүйсеновті іздестіруде.
Қостанай қалалық ІІБ «Оңтүстік» бөлімінің полицейлері жас жігітке қатысты қандай да ақпараттарды білетіндерге 8702-492-99-92, 8 747-655-21-63, 52-68-61 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.