Қостанайда өртенген қоймадан газ баллондары шығарылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы «Солтүстік» өндірістік аймағында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина хабарлағандай, қызыл жалын туралы ақпарат сағат 15:24-те келіп түсті.
«Бүгін сағат 15:20 шамасында «Солтүстік» өндірістік аймағындағы «Қазвторчермет» АҚ тиесілі қоймадан өрт шықты. Қойма аумағы - 5000 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша, битум (шайыр) тұтанған. 3 газ баллонын қауіпсіз жерге көшірдік. Ешқандай жарылыс болған жоқ», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Өрт 16:08-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.