Қостанайда өртенген үй орнынан адам мүрдесі табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ұзынкөл ауданында тұрғын үй өртеніп, адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда өртенген үй орнынан адам мүрдесі табылды

Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер 30 қаңтарда Пресногорьков селосында өртенген тұрғын үй орнынан адамның күйген денесін тапты.

«Пресногорьков ауылында аумағы 100 шаршы метр тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түсті. Өрт 30 қаңтар күні сағат 00.15-те толықтай сөндірілді. Үй орнынан өртенген адамның денесі табылды», - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір көз жұмған тұрғынның жынысы анықталуда. Өрттің шығу себептері белгісіз.