Қостанайда өрттен зардап шеккен отбасына пәтер берілді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасына пәтердің кілтін табыстады. Сонымен қатар балаларды өрттен аман алып қалған бесінші сынып оқушысы Олег Пироговтың ерлігі де елеусіз қалмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Архимед Мұхамбетов балаларды өрттен аман алып қалған Олег Пироговпен кездесті. Сонымен қатар ол өрттің салдарынан үйінен айырылып қалған Өмірзақовтар отбасымен тілдесті.
Кездесу барысында Архимед Мұхамбетов көпбалалы отбасына Абай көшесінің бойынан 7,6 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Ал Олег Пирогов облыс әкімінен алғыс хат пен ноутбук алды. А. Мұхамбетов құтқарушы баланың ата-анасына лайықты тәрбие бергені үшін алғыс айтты.


