Қостанайда ойыншық қоймасы өртеніп кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда орталық базар маңындағы ойыншық қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда ойыншық қоймасы өртеніп кетті

Оқиға бүгін облыс орталығында болған. Облыстық ТЖД кезекші бөліміне 3 қабатты сауда дүкенінің жанып жатқаны туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:41-де жетті. Өрт ғимараттың жертөле қабатындағы ойыншық сақтайтын қоймадан шыққан. Құтқарушылар жеткенше ғимарат әкімшілігі 116 адамды қауіпсіз жерге көшірген», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі есептелуде.