Қостанайда психдиспансерден екі науқас қашып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында полицейлер жүйке жүйесі ауруларының ауруханасынан қашқан екі науқасты іздеп тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
None

Екі науқас бұған дейін де аталған мекемеден өз бетімен кетіп қалып отырған.

«Қостанай облыстық психиатриялық орталығынан екі науқастың қашып кеткені туралы ақпарат кеше таңертең түсті. Іздеу шаралары нәтижесінде науқастар Қостанай облысы Жамбыл кентінен бүгін 09:00-де табылды. Олар осы уақытқа дейін өзен жағалауында болған», - деді полициядан.

Ведомстводан атап өткендей, қашып кеткен науқастар ауыр қылмыс жасағаны туралы мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат – жалған.


Соңғы жаңалықтар