Қостанайда психотроптық заттарды сатқандар 18 жылға сотталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Шетелдерден психотроптық заттар өткізіп, оны Қостанайда сатқан ұйымдасқан қылмыстық топ қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғаламтор арқылы психотроптық заттар сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімін шығарды
Сотталушылар Біріккен Араб Әмірлігі, Нидерланды және Қытай елдерінен Қазақстанға заңсыз психотроптық заттар тасымалдаумен айналысқан. Интернет арқылы аталған елдерге тапсырыс беріп, тыйым салынған тауарды Қостанай облысында айналымға түсірген.
Судья оларды ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі 1,3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және тағы бірнеше бап бойынша айыпты деп таныды.
24 жастағы Серік Жайылғановқа 18 жылға бас бостандығын айырып, мүлкін тәркілеу, 25 жастағы Геннадий Лаутоға мүлкін тәркілеп, 16 жыл 9 айға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. 22 жастағы Мария Лукиш 16 жылға, 25 жастағы Зарина Испенбетоваға 15 жыл 6 айға қамауға алып, мүліктерін тәркілеу жазасы бекітілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.