Қостанайда шағын автобус трактормен соғысып, 10 адам жапа шекті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысында болған жол апатынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда шағын автобус трактормен соғысып, 10 адам жапа шекті

Оқыс оқиға «Алматы-Екатеринбург» күре жолында болған.

«19 шілде күні түнгі 3 шамасында «Алматы-Екатеринбург» автожолында «Мерседес» автомашинасын басқарған 65 жастағы жүргізуші Қостанайға келе жатып, 584-шақырымда осы бағытта келе жатқан «МТЗ-80» тракторымен соқтығысып кеткен», - деп мәлімдеді полиция.

Оқыс оқиға салдарынан 10 адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

Осы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру басталды.