Қостанайда шекара қызметкерлері пара алғаны үшін сотта жауап береді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда шекара қызметкерлері пара алғаны үшін сот алдында жауап береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қостанайда шекара қызметкерлері пара алғаны үшін сотта жауап береді

Қостанай қалалық №2 сотына «Қостанай шекара рәсімдеу орталығы» шекара бекетінің 8 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Олар бірнеше бап бойынша айыпталуда: пара алуға делдалдық жасау, өзінің қызметін пайдаланып бірнеше рет пара алуға делдалдық жасауға оқталу.

Айыпталушылар өздерінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2016 жылдың 1 шілдесінен 12 желтоқсанына дейінгі кезеңде пайдакүнемдікпен бірнеше рет ақшалай сыйақы түріндегі сыртқы экономикалық қатысушылардан пара алуға жәрдемдесуге оқталған.