Қостанайда шекарашылардың мобильдік бекеттері тұрғызылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский мен Құралай Қарекен Денисов ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, халық қалаулылары Денисов ауданында қоғамдық қабылдау өткізіп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмелері бүгінде халық пен билікті байланыстыратын көпірге айналды. Бұрынғыдай, түрлі ведомство өкілдерін аралаудың қажеті жоқ. Мемлекеттік органдардың өкілдері, халық қалаулылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өздері мәселемен жүгінгендерді тыңдап, қол ұшын беріп келеді.

«Қабылдауға келгендер депутаттардан материалдық көмек алуға қолғабыс етуін сұрады. Мәселен, Денисов ауданының тұрғыны Асылбек Ержанов көршілес Ресей Федерациясында орналасқан «Илизаров» жеке клиникасында ем-дом шараларын алғысы келеді. Алайда, бұл көп қаражатты талап еткендіктен арнайы квота сұрай келіпті. Сол сияқты, Нағима Хасанова да қаржылай көмек көрсетілсе дейді. Ол Қазақстанның сакралды нысандарының тізіміне енген, Қамысты ауданындағы археологиялық ескерткіштерге зерттеу жүргізуді мақсат етіп отыр», - дейді партия филиалының баспасөз қызметіндегілер.



Жұмыс сапары аясында, Мәжіліс депутаттары аудан активімен кездесіп Свердлов ауылын сапалы ауызсумен қамту мәселесін талқылады. Ауыл шаруашылығы саласының негізін құрайтын ата кәсіпті өркендету жайы сөз болды. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы аясында төрт түлікті сырттан емес, еліміздегі тасымалдаушы операторлардан алудың тиімді тұстары айтылды. Бұдан бөлек, мәжілісмендер Свердлов ауылындағы «Колос-Фирма» ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, Елбасы белгілеген тапсырмалардың орындалу барысы мен алдағы міндет-мақсаттарды айтып берді.

Депутаттар жұмыс сапары соңында шекара заставасында болды. Мұнда алдағы уақытта шекара қызметкерлеріне арналған мобильді бекеттер тұрғызылуы мүмкін. Парламентшілер жобаның жай-жапсарымен танысып, қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар