Қостанайда суға кеткен баланы құтқарған ер адам іздестірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сегіз жасар қостанайлық Игорь Коцкийді іздестіру 6 шілде түнге шейін жүргізілгенімен әзірге нәтиже жоқ, ол 4 шілдеде үйден шығып кеткелі табылмай жатыр, деп жазады өңірлік «Наша газета»  басылымы. 

Қостанайда суға кеткен баланы құтқарған ер адам іздестірілуде

Баланың денесін суға сүңгушілер де, қайықпен ау құрып іздеген еріктілер де таппағаны үміт отын сөндірмей тұр. 

Түрлі айтушылардың сөзіне сенсек, Игорьға ұқсас ұл бала сол маңда төрт баламен бірге суға шомылып жүрген. Қыз баланың бірі суға бата бастаған. Осы кезде оған көмекке сол тұстан өтіп бара жатқан ер адам келген. Еріктілер қазір балаларды судан шығарған ер адамды іздестіруде. Оның аты Иван болуы мүмкін.
Айта кетерлігі, бүгін таңертең сегізден бастап баланы іздестіру жұмысы жалғастырылады.