Қостанайда супермаркет су астында қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде таралған Қостанай қаласындағы супермаркетті су басуына қатысты түсінік берілді.

Қостанай
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«7 сәуірде Қостанай қаласындағы «Апельсин» супермаркетін су басты. Супермаркеттің иелері мен қызметкерлері алдын ала ескертіліп, эвакуацияланды. Жағдай тұрақталғаннан кейін апаттан келген залал бағаланып, тиісті көмек көрсетіледі. 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қостанай қаласында басқа супермаркеттер зардап шеккен жоқ. Азық-түлік жеткізу жағдайы тұрақты, сауда субъектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деді Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Мырзахан Ерқанов Instagram желісінде. 

Қостанай облысында бөгеттің бұзылатыны туралы жалған ақпарат тарағанын жазған болатынбыз.