Қостанайда сыбайлас жемқорлықпен күрес органының қызметкері тұтқындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел басқармасының офицері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда сыбайлас жемқорлықпен күрес органының қызметкері тұтқындалды

«2019 жылдың 7 ақпанында Қостанай қалалық мамандандырылған тергеу соты Жедел-тергеу тобының басшысы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас тергеушісі Т.Ж.Амантайдың облыстық прокурордың орынбасары К.Мамаевпен келісілген өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті Аса маңызды істер бойынша жедел басқармасы Аса маңызды істер бойынша жедел басқармасының офицеріне қатысты 2 айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы туралы өтінішін қанағаттандырды», - деп хабарлады облыстық сот.

Бұрынғы офицер ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінді. Атап айтқан, аса ірі көлемде пара алмақшы болған.

Автор: Жанна Мусабаева