Қостанайда театр басшысы немересінің тойын өнер ұйымының қаржысына өткізген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазір Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының бұрынғы директоры Нұрлан Ерекешевке, бас бухгалтер Гүлзада Бектұрсыноваға және кассир-бухгалтер Меңсұлу Күлтаеваға қатысты сот ісі жалғасуда, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» газеті.
None
None

Бұрынғы директор, бас бухгалтер және кассир-бухгалтер ұйымдасып, театрға бөлінген 163 миллион теңгені талан-таражыға салған. Олар ай сайын банктен алған қаржының едәуір бөлігін бөлісіп отырған. Оның 80 пайызы директорға, қалған 20 пайызы бас бухгалтер мен кассир-бухгалтерге тиесілі болған.

Сотта мәлім болғандай, бұрынғы директор 2005 жылдан 2016 жылы театрдан кеткенге дейін оған театр қаржысы есебінен кабинетіне түстік дайындалған. Үш бөлме үйінің  коммуналдық қызметі үшін төлемінің барлығы театр есебінен төленген. Астанадағы немересінің бір жасқа толу тойына бір миллионнан астам теңге ақша да театр есебінен жұмсалған. Қостанайдан шақырылған кісілердің пойызға  билеті де театр есебінен алынған.

Театр басшылығы спектакльдерге билет сатудан  түсетін қаржыны өтірік өсіріп көрсетіп келген.  Театр табысының жоспары «орындалғандықтан» директордың жалақысына айына 50 пайызға дейін үстеме ақша қосылған. Оның сыртында жоспарды «орындаған» театр ұжымына жылына екі рет сыйақы төленген. Бұл көрсетілген фактілер  театр басшысы, бас бухгалтері мен кассиріне тағылған айыптың оннан бірі ғана деуге болады.

Соңғы жаңалықтар