Қостанайда телефон алаяғы іздестірілуде
ҚОСТАНАЙ. 12 маусым. ҚазАқпарат - Төрт қостанайлық азамат полицияға телефондық алаяқтық туралы өтінішпен келді.
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашаринаның хабарлауынша, өтініш берушілер зейнеткерлер болып табылады. Олардың айтуларынша, үйлеріндегі телефонға өзін полиция қызметкері деп таныстырып, жақын туыстарының жолдардағы оқиғалардың қатысушылары болғанына сендіргенін айтты. Хабарласып отырған адам 100 мың теңгеге олардың туыстарын жауапкершіліктен босата немесе қамаудан шығара алатынын уәде етті. Алайда егде жастағы адамдардың біреуі де алаяқтың сөздеріне сенбеді.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметтерінше, биылғы жылдың басынан бері 253 телефондық алаяқтық жасалды, олардың тек бесеуі ашылды.