Қостанайда терезеден құлап кеткен бір жасар баланың жағдайы ауыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда бір жасар бала 3-қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
None

Оқиға 25 сәуір күні кешке сағат 19:50-де Чехов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде болған.

Бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге мініп, сыртқа құлап кеткен.

Сәби шұғыл түрде қалалық балалар ауруханасының реанимациясына жатқызылды.

Дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды.

Қостанай облысының ТЖД кезекті рет ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар