Қостанайда тұңғыш рет республикалық күйшілер байқауы өтті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында күйшілер арасындағы байқау тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Домбырашылар додасына еліміздің 14 өңірінен 24 өнерпаз қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Төл өнерімізді төрге оздыраған тұлғалардың бірі - Сағын Жалмышев атындағы 1-ші республикалық домбырашылар байқауының Қостанай өңірінде өткізілуінің өзіндік себебі бар.

«Сағын Жалмышев қазақ күй өнерінің дамуына айтарлықай үлес қосты. Ол əскери салада ғана емес, ұлттық өнерді насихаттауда бірқатар нәтижелі жұмыс атқарды. Сол себепті, арда тұлғаны ұлықтау мақсатында осындай байқау ұйымдастырып отырмыз», - деді облыстық мəдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Күйшілер конкурсында Айгүл Үлкенбаева, Назымбек Молдахметов сынды өнер майталмандары қазылық етті. Еліміздің əр түкпірінен келген күйшілердің арасында осалы жоқ. Екінші кезеңге 15 қатысушы жолдама алып, мықтыны анықтады.

Сонымен, домбырашылар сайысында арқалықтық Данияр Рысбековтің бағы жанды.

«Мұндай байқаудың біздің елде, әсіресе, шет облыс Қостанай жерінде жүзеге асуы аса маңызды. Бұл - біздің рухани жаңғыруымыздың бір көрінісі. Халық жадымен жеткен жауһарларымыз жастардың жадына қонады. Осы арқылы ұлттық кодымыз одан сайын нығая түседі», - дейді домбырашы.

Соңғы жаңалықтар