13:29, 26 Ақпан 2018 | GMT +5
Қостанайда тұрғын үй күл болып жанып кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат- Қостанай ауданында жеке тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқыс оқиға кеше түнде Қостанай ауданына қарасты Октябрьское ауылында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке тұрғын үй толығымен жанып кеткен.
«Өрт ауқымы 60 шаршы метрді құрады. Жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы кеше сағат 23:41-де ақпарат түсті. Жанып жатқан үйден 27 литрлі екі газ баллоны оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.
Өрт сағат 01:41-де толықтай сөндірілді. Себептері анықталуда.