Қостанайда УАЗ көлігі КамАЗ-бен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында тасжолда УАЗ бен КамАЗ соқтығысып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда УАЗ көлігі КамАЗ-бен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Жол апатының болғанын Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь растап, пікір білдірді.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан УАЗ көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Екінші ер адам түрлі жарақат алды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады И. Беженарь.

Қатты соққыдан УАЗ-дың алдыңғы бөлігі қираса, КАМАЗ жыраға түсіп кеткен.