Қостанайда үш оқушы орманды өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтынсарин АІІБ 30-дан астам полицей Лермонтов орман шаруашылығында тұтанған өртті ауыздықтауға жәрдемдесті және өртеген күдіктілерді ұстады. Олар кәмелеттік жасқа толмаған үш оқушы болып шықты, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметі.
Алтынсарин АІІД бастығы полиция подполковнигі Дулат Раисовтың айтуынша, ұсталған Докучаевский орта мектебінің тоғызыншы сыныбының 2 оқушысы және сегізінші сынып оқушысы ата-аналарының алдында сол күні орманда саңырауқұлақ қуырмақшы болғанын түсіндірді. Отты аяғына дейін сөндірмей, олар үйлеріне кетіп қалған.
«Тілсіз жау 80 гектардан астам орманды жойды, табиғатқа, қоршаған ортаға орны толмас зиян келтірілді. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 341-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қылмыс үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауап береді», - деп атап өтті ол.