Қостанайда зауыт электронды биржаның қателігінен субсидия ала алмаған

жқмыспен қамту
Фото: Шахтинск қаласының әкімдігі

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысының прокуратурасы инвесторлардың құқығын қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау жұмысын жалғастырып жатыр. 

Қабылданған шаралармен қолданыстағы тігін өндірісін жаңғырту жобасын жүзеге асырып жатқан «Большевичка» ЖШС-не көмек көрсетілді.

Инвестициялық салым көлемі — 1 млрд теңгеден асады, 55 жұмыс орны ашылған. 

2023 жылы «Большевичка» зауыты кооперативтен серіктестікке айналды және электронды деректер қорында жаңадан құрылған деп саналды.

Осыған байланысты кәсіпорын «электронды еңбек биржасы» платформасының жетілмегендігіне байланысты жұмыс орындарын субсидиялау мәселесіне тап болды.

Ол арқылы жұмыс орындарын субсидиялау ресімделеді. 

Заңнамаға сәйкес, субсидияны нарықта бір жылдан астам жұмыс істеген ұйымдар ғана ала алады.

Мәселені шешу мақсатында облыс прокуратурасы әділет органдарымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және еңбек ресурстарын дамыту орталығымен бірлесіп, ақпараттық жүйелердегі деректерді біріктіру және конфигурация жұмысын жүргізді, өтінім беру алгоритмдері әзірленді.

Нәтижесінде мәселе шешіліп,  жоба әрі қарай жүзеге асып жатыр. 

Биыл жаңартылған цехты пайдалануға беру жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар
telegram