Қостанайда жалған акциз жапсырылған 23 мың бөтелкеден астам алкоголь өнімі тәркіленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанайда жалған акциздік маркалар жапсырылған 23 мыңнан астам бөтелке көлеміндегі алкоголь өнімінің 40 түрі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері бойынша контрафактілік есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдерін сақтау және сатумен айналысқан ЖШС құрылтайшысын әшкереледі. Тінту кезінде анықталған қоймалардан жалған акциздік маркалар жапсырылған 23 мыңнан астам бөтелке көлеміндегі алкоголь өнімінің 40 түрі тәркіленді. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр», - делінген ресми хабарламада.




Фото: ivteleradio.ru




Соңғы жаңалықтар