Қостанайда жалған банкроттық жариялаған кәсіпкер 5 жылға сотталды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке кәсіпкердің әдейі банкроттық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімі бойынша 2021 жылғы қаңтарда Д есімді жеке кәсіпкер 185 миллион теңгеден астам берешегіне байланысты банкрот деп танылды.

«Жүргізілген талдау бойынша, қасақана банкроттық белгілерін және борышкердің төлем қабілетсіздігіне (дәрменсіздігіне) әкеп соққан әрекеттерді анықтау тәртібіне сәйкес, Мемлекеттік кірістер департаменті Д есімді жеке кәсіпкерге қатысты қасақана банкроттықтың белгілерін анықтап, қорытынды жасады. Кәсіпкер тұрғын үйі мен 2 жер учаскесін, сондай-ақ 2 автокөлік құралын жұбайына сыйға тарту шарттары негізінде иелігінен шығарып, салық берешегі есебіне өз мүлкіне билік етуге шектеуден жасыруға тырысып, заңсыз әрекеттер жасады», - деп жазды ведомстводан.

Осы факт бойынша жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен аталған жеке кәсіпкер ҚК 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, коммерциялық кәсіпорындар және ұйымдарда 3 жыл мерзімге ұйымдастырушылық-басқарушылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, кінәлі деп танылды.


Соңғы жаңалықтар