Қостанайда «Жасыл ел» жасағының бұрынғы басшысы сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық соты «Жасыл ел» еңбек жасағының 29 жастағы бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда «Жасыл ел» жасағының бұрынғы басшысы сотталды

Іс материалдарына сүйенсек, 2014-2015 жылдар аралығында филиалдың экс-басшысы Әбдіхалықов К., Е., Х., К., И., Ш.  есімді адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық әрекеттерге барған. Ол кәсіпкерлермен алдын ала келісіп, өзінің таныстарын жұмысқа тұрғызып, кейін олардың құжатын еңбек жасақтарына рәсімдеген. Филиал менеджері Е. атқарылмаған жұмысқа тізімдеме жазып, оларға республикалық бюджеттен қаржы аударған.

Сот шешімімен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» Қостанай облыстық филиалының бұрынғы басшысы Қайрат Әбдіхалықовқа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы рақымшылық жасауға байланысты жаза мерзімі 3 жыл 9 айға дейін қысқартылды. Экс-басшының мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Оңай олжаға кенелгісі келгендер шартты түрде сотталса, тағы екеуі рақымшылыққа ілігіп, қылмыстық жазадан босатылды.

Жымқырылған қаржы мемлекет қазынасына қайтарылды.