Қостанайда жеке сот орындаушы ақша ұрлаған

Қостанайда жеке сот орындаушы ақша ұрлаған
Фото: pexels.com

ҚОСТАНАЙ.  KAZINFORM - Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де адамдардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасы анықталды.  

Қостанай облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрынғы «Н» жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды.

Бұл қаражат – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар