Қостанайда жеңгетай колледж студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жезөкшелікпен айналысуға тартқан жеңгетайлық бойынша қылмыстық схема ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қостанайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жезөкшелікпен айналысуға тартқан жеңгетайлық бойынша қылмыстық схеманы ашты.

Полицейлер Қостанай қаласының 39 жастағы тұрғынын анықтады.

Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы қалалық колледждердің бірінің жас студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан.

– Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы әңгіме жүргізіп, кейін қыздарға ақшаға интимдік қызмет көрсетуге тиіс екенін айтқан. Қыздарды жеке күзетпен қамтамасыз етіп, әртүрлі жалдамалы пәтерлерде клиенттерді таңдауына мүмкіндік берген. Сондай-ақ жеңгетай қысқа мерзімде жақсы табыс табуға уәде берген. Аталған бизнесті ұйымдастырушы 10-нан астам қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны белгілі болды. Полицейлер қылмыс жасау тетігін және қылмыстың барлық қатысушыларын толық анықтады, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.


Жалдамалы пәтерлер мен тұрғылықты жерлерге тінту жүргізу барысында жеке заттар, телефондар мен 5 млн теңгеден астам қаражат және 8 мың ресей рублі тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚК 308-бабы (жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар