Қостанайда жеңіл автокөлік түгі қалмай жанып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында «Ауди-80» автокөлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда жеңіл автокөлік түгі қалмай жанып кетті

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Абай көшесінде жолда болған. Алдын ала болжам бойынша «Ауди-80» автокөлігі өртеніп кетті. Оған көлік қозғалтқышындағы сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болған. Зардап шеккендер жоқ.